Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың Sinovac компаниясы жасап шығарған CoronaVac вакцинасы бет нервісінің уақытша салдану қаупін жоғарылатады, делінген Lancet журналына жарияланған бір топ гонкондық ғалымдар тобының зерттеу жұмысында.
Гонконг университетінің бір топ ғалымы CoronaVac вакцинасын алған 100 мың адамды зерттеді.
Олардың арасында алғашқы 42 күн ішінде Белл параличі, яғни бет нервісінің уақытша салдану оқиғалары 4,8 есе көп болғаны байқалды.
Біз CoronaVac-пен вакцинациядан кейін Белл параличінің туындау қаупі жоғары екенін анықтадық, - делінген зерттеу жұмысының мәтінінде.Бұл ретте ғалымдар вакцинаның бұндай кері әсерінің туындау қаупі төмен екенін, CoronaVac вакцинасының қорғаныштық әсері Белл параличіне ұшырау қаупінен жоғары екенін атап өтті. Тіпті бет салданып қалса да, 90% жағдайда оны тоғыз ай ішінде емдеп алуға мүмкіндік бар дейді ғалымдар.
Белл параличі кезінде адам бірден әлсіреп қалады немесе адамның бір жақ беті салданып қалып, науқастың көз, мұрын, ауыз бұлшықеттері уақытша қозғалыссыз қалады.