Ғалымдар пойызда COVID-19 індетін жұқтыру қаупін анықтады

3 Тамыз 2020, 18:47
2227
Бөлісу:
Ғалымдар пойызда COVID-19 індетін жұқтыру қаупін анықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ғалымдар пойызда өткізген әр сағат сайын COVID-19 індетін жұқтыру ықтималдығы 0,15 пайызға өсетінін айтты.

Ұлыбританиядағы Саутгемптон университетінің ғалымдары зерттеу жүргізіп, пойыздағы жолаушылар арасында вирус жұқтырған адам болса, пойызда коронавирус жұқтыру мүмкіндігі қандай болатынын анықтады. Тәжірибелік алаң ретінде Қытайдағы жүрдек пойыздар таңдалып алынды, деп жазды rg.ru.

Зерттеудің негізі ретінде нақты мәліметтер негізіндегі күрделі математикалық модельдеу назарға алынды. Ғалымдар жолаушылардың 2019 жылғы 19 желтоқсаннан 2020 жылғы 6 наурызға дейінгі сапарлары туралы ақпаратты талдады. Адамдар жолда сегіз сағатқа дейін уақыт өткізген. Сапардан кейін 14 күн өткен соң пойыз жолаушыларынан немесе олармен жақын байланыста болғандардан коронавирус белгілері байқалған. Жалпы алғанда, зерттеу пойызбен жүрген 2334 науқасты және олармен 72 093 жақын байланыста болған адамдарды қамтыды, - делінген хабарламада.

Зерттеудің толық мәтіні Clinical Infectious Diseases журналында жарияланған. Ондағы мәлімет бойынша, вирус жұқтырғандармен көрші отырған жолаушылардың жұқтыру қаупі жоғары болғаны анықталды, яғни вирус жұқтыру ықтималдығы 3,5 пайызды құрады. Науқас адаммен бір қатарда тұрғандар үшін вирус жұқтыру қаупі 1,5 пайызға жеткен.

Сонымен қатар, ғалымдар пойызда өткізген әр сағат сайын COVID-19 індетін жұқтыру ықтималдығы 0,15 пайызға өсетінін анықтады. Ал, жанындағы орындықтарғда отырғандар үшін бұл көрсеткіш 1,3 пайызға артты, деп жазды MedicalXpress. Егер вирус жұқтырған адам пойыздан шығып, оның орнына басқа адам отырса, онда ауру жұқтыру ықтималдығы тек 0,075 пайызды құраған.

Зерттеушілер әлеуметтік қашықтық тек бір сағаттық сапар ішінде инфекциядан қорғайды деген қорытындыға келді. Бір сағат уақыт өткеннен кейін жолаушылар арасындағы 2,5 метр қашықтық инфекцияның алдын алуда қауқарсыз.

Өзгелердің жаңалығы