Ғалымдардың пікірінше, Марстың атмосферасында алғаш рет электрлік белсенділік тіркелді, бұл планетада найзағай болуы мүмкін екенін көрсетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
BBC-дің хабарлауынша, 2021 жылы Марсқа қонған NASA-ның Perseverance роувері биологиялық белгілерді іздеу үшін жіберілген және соңғы төрт жылда Jezero Crater аймағын зерттеумен айналысып келеді. Ровердің SuperCam аспабы арқылы жасалған аудио және электромагниттік жазбаларда “мини-найзағай” деп аталған электр разрядтары анықталды.
Ғалымдар атмосфералық разрядтарды өлшейтін жаңа құралдар мен сезімтал камераларды Марсқа жіберу арқылы бұл нәтижелерді растауды жоспарлап отыр.
Франциядан келген зерттеушілер тобы NASA роувері жасаған екі Марс жылы (немесе 1 374 Жер күні) бойы 28 сағаттық микрофон жазбаларын талдаған. Олар электрлік разрядтар әдетте шаң дауылы мен шаң дүлейлерімен байланысты болатынын анықтаған.
Шаң дүлейлері – жерден көтерілген ыстық ауадан пайда болатын кішігірім дауылдар, олардың ішкі қозғалыстары электр разрядтарын тудыруы мүмкін.
Бұл разрядтар Марстың атмосфералық химиясына, климатына, өмір сүру қабілетіне және роботтық, адам зерттеулерінің болашағына тікелей әсері бар ірі ашылыс болып табылады, – деп хабарлады Зерттеудің жетекші авторы доктор Баптист Шид Reuters агенттігіне.
Франциядағы Астрофизика және планетология зерттеу институтындағы басқа ғалымдармен бірге ол Марс енді атмосфералық электр белсенділігі белгілі планеталар қатарына – Жер, Сатурн және Юпитерге қосылған деп санайды.
Бөлшек физигі доктор Дэниел Притчард Nature журналында жазғандай, “жазбалар шаңнан туындайтын разрядтардың дәлелін береді” деп есептелсе де, разрядтар тек естілген, көзбен көрінбегендіктен, “шын мәнінде Марс найзағайы болған ба деген күмән әрқашан қалады”. Ол бұл тақырыптағы пікірталастардың алдағы уақытта да жалғасатынын қосқан.
Осы жылдың қыркүйек айында ғалымдар Марстан ерекше белгілері бар тастар тапты. “Барс дақтары” және “көкнәр тұқымдары” деп аталған бұл таңқаларлық белгілер ежелгі микробтармен байланысты болуы мүмкін химиялық реакциялар арқылы түзілген минералдарды қамтиды.

Бұл минералдар табиғи геологиялық процестер арқылы түзілуі мүмкін болса да, NASA оларды қазіргіге дейін табылған өмір белгілерінің ең айқын көрсеткіші деп атаған.
Бүгінде Марс – суық және шөлді планета. Дегенмен миллиардтаған жыл бұрын оның қалың атмосферасы мен суы болғаны белгілі, бұл оны ежелгі өмір іздеуге перспективалы орынға айналдырады.
Perseverance роувері Jezero Crater аймағына жіберілген, өйткені ол бір кездері сұйық су бар жерде өмір сүруге ыңғайлы болуы мүмкін деп есептелген қасиеттерге ие, соның ішінде бұрын бұл аймақтың дельта болғанына қатысты белгілер бар.