Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Желтоқсан айында желіде Дағыстандағы Каспий жағасында ондаған итбалықтың қырылып жатқаны жарияланған болатын. Ғалымдар итбалықтардың қырылу себептерін түсіндірді, деп жазды РИА Новости.
Бүкілресейлік балық шаруашылығы және мұхиттану ғылыми-зерттеу институтының қорытындысында Каспий теңізінде 300-ден астам итбалықтың қырылуына сейсмобелсенділік пен желсіз тыныштық салдарынан туындаған табиғи метан газы мен оның ілеспе газының әсері себеп болды делінген.
Желіде тараған бейнероликтен кейін Экология және қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік дума комитеті Табиғат министрлігіне, Бас прокуратура мен ІІМ сауалдар жолдаған болатын.
Ресей балық шаруашылығы органы жануарлардың ауыр металдар мен пестицидтерден улануы мен өзге шаруашылықтарда ондай жағдайдың тіркелу фактілерін жоққа шығарған.
Итбалықтардың қырылуына табиғи газдың түзілуі себеп болған деген нұсқа әу баста айтылған болатын. Ғалымдар өткен жылдың қараша айында Каспий теңізінің солтүстік және оңтүстік бөлігіндегі Дағыстан жағалауында 40- тан астам сейсмикалық дүмпу болғанын айтады.
Олардың амплитудасы 3,3 до 4,8 балл аралығында. Жер сілкінісі кезінде теңізде бірнеше секундқа желсіз тынып қалған. Жел болмаған кезде теңіз бетінде тыныс алуға зиянды газдалған ауа линзасы қалыптасқан болуы керек. Салдарынан итбалықтар жағаға шығып қалған, - деген қорытындыға келген ғалымдар.