Ғалымдар диабетпен ауыратындарға арналған «ақылды көзілдірік» ойлап шығарды

17 Қаңтар 2021, 17:29
1571
Бөлісу:
Ғалымдар диабетпен ауыратындарға арналған «ақылды көзілдірік» ойлап шығарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық және бразилиялық ғалымдар тобы қан құрамындағы қанттың мөлшерін анықтап беретін «ақылды көзілдірік» ойлап шығарды, деп жазды Biosensors and Bioelectronics.

Көзілдірік тек науқастар үшін емес, өзге де азаматтарға профилактика үшін пайдалы. 

Көзілдірік қандағы қант мөлшерін ғана емес, дәрумендер мөлшері мен қатар алкоголь мөлшерін де өлшеуге қауқарлы. Ғалымдар оған биосенсор кіріктірді. 

Мұндай аксессуардың көмегімен диабетке шалдыққандарға портативті глюкомерде экспресс-тест жасау қажеттілігі болмайды. Биосенсор глюкозооксидазаны ағзадағы сұйықтықтан, тіпті көз тамшысынан анықтай алады.

Адамға қан құрамы туралы мәлімет алу үшін көзден жас шығару жеткілікті. Ол үшін көзді тітіркендіретін арнайы сұйықтық пайдаланылады.

Өзгелердің жаңалығы