Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Асқабақтың құрамында ісік тамырларының өсуін тежейтін зат бар, яғни аталған көкөністі жеу қатерлі ісік қаупін төмендетеді. Бұл туралы диетолог-дәрігер, медицина ғылымдарының докторы Михаил Гинзбург айтты, деп жазды Хабар24.
Соңғы уақытта біз белгілі бір өсімдіктерден ісіктердің пайда болу ықтималдығын азайта алатын қасиеттерді таптық, – деді маман.Оның айтуынша, бұл өнім антиоксиданттарға бай, сонымен қатар қатерлі ісікке қарсы әсері күшті.
Асқабақта каротиноидтардың, А дәруменінің көп мөлшері бар. Олар адам ағзасында пайда болатын мутация процесін баяулатады және бұл да қатерлі ісікке қарсы әсер етеді, – деп жалғастырды сөзін дәрігер.