Ғаламда жерге ұқсас қанша планета бар – астрономмен сұхбат

Кеше, 17:27
885
Бөлісу:
Ғаламда жерге ұқсас қанша планета бар – астрономмен сұхбат
Фото: Жасанды интеллект

Соңғы зерттеулерге қарағанда Құс жолы галактикасында 6 миллиардқа жуық жерге ұқсас планета болуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құс жолында шамамен 100 миллиардтан 400 миллиардқа дейін жұлдыз бар, ал әр жұлдыздың айналасында орта есеппен 1,5-2 планета бар екенін ескерсек, демек Құс жолында 100 миллиардтан 800 миллиардқа дейін планета болуы мүмкін.

Астроном Артур Гайдук жерге ұқсас жерден 4,2 жарық жылы алыста екенін айтады.

Ғаламда жерге ұқсас қанша планета бар – астрономмен сұхбат

Фото: жасанды интеллект

Жерге ұқсас планеталар өте алыс қашықтықта орналасқан. Бүгінгі таңда ол жаққа Зондтарды да жіберуге мүмкіндік жоқ. Яғни Күн жүйесінен алыс аймақта орналасқан планеталарды экзопланета деп атайды. Ал Күн жүйесіне ең жақын жұлдыз - Альфа Центавра. Онда күн сияқты үш жұлдыз орналасқан. Cоның бірі Проксима Центавра. Онда "Проксима b" атты жерге ұқсас планета бар. Юпитер немесе Сатурн секілді газды алып планета емес, өз жұлдызынан өмір сүруге қолайлы аймақта орналасқан. Бірақ "Проксима b" жерден 4,2 жарық жылы алыста жатыр. Оған қазіргі технология көмегімен 80 мың жылда ұшып бара аламыз, - деді маман.

Шамамен 400 миллиард жұлдыздың 7%-ы Күн сияқты жұлдыздар, ал оның 0,18%-ында жер типіндегі планета бар деп есептеліп отыр.

Жер типіндегі планеталар — бұл көлемі мен құрамына сәйкес келетін, жұлдызының «қолайды аймағында» орналасқан, яғни сұйық су болуы мүмкін жерлер.

Ғалымдардың айтуынша, адамзат ғаламды телескоппен қарағанда өзін де өте аз бөлігін көреді. Қазіргі таңда адамдар заманауи деген телескоптың көмегімен ғаламның тек 5%-ын көре алады. Ал олар көбіне бұрыннан белгілі жұлдыздар мен галактикалар. Қалған 95%-ы қара энергиялардан және белгісіз материялардан тұрады.

Ғаламда жерге ұқсас қанша планета бар – астрономмен сұхбат

Фото: Артур Гайдуктың жеке мұрағатынан 

Меніңше, 10 жылда экзопланеталарға ештеңе ұшырмаймыз. Адамды жіберу мүмкін емес, тіпті Зондтардың өзін 100 жылда жібереміз деп дөп айта алмаймыз. Альфа Центавраға күннің жылдамдығының өзі 4 жылда бір-ақ жетеді. Сондықтан ондай алысқа ұшу үшін күннің жылдамдығымен ұшатын зымыран қажет. Ал қазіргі физиканың заңдылығына сенсек, өте қиын дүние, - деді Гайдук.

Астроном "Жасанды интеллект ғаламды тануға көмектесе ме?" деген сұраққа жауап берді.

Экзопланеталарды зерттеуге жасанды интеллекттің көмегі тиеді деп ойлаймын. Әзірше ЖИ адамның жинаған ақпараттары мен деректері арқылы жұмыс істейді. Дегенмен болашақта одан әрі дамып, технологиялар тың серпін әкеледі деген сенім бар, - деді Артур Гайдук.

Гайдук адамзат Марсқа қанша жылда баруы мүмкін екенін атап өтті.

Қазіргі таңда адамдар алдымен айға баруы керек. 2025 жылы америкалықтар айға қайта баруға ниетті. Ал әйгілі кәсіпкер Илон Маск "таяу жылдары адамды Марсқа жеткіземін" деп сендіруде. Ал менің жеке пікірімше, адам 10-15 жылда Марсқа баруы мүмкін. Ал одан әрі қарай ұшу үшін көп жыл дайындыққа кетеді. Вояджер - 1 мен Вояджер - 2 зондттары 40 жылда енді ғана күн жүйесінің шетіне жетті, - дейді Артур Гайдук.

Өзгелердің жаңалығы