Гаагада KLM компаниясының Қазақстанға рейстерін жаңарту мүмкіндіктері талқыланды

31 Наурыз 2022, 18:45
1422
Бөлісу:
Гаагада KLM компаниясының Қазақстанға рейстерін жаңарту мүмкіндіктері талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Нидерландтағы елшісі Асқар Жұмағалиев «KLM» әуекомпаниясының халықаралық істер және корпоративтік құқық жөніндегі вице-президенті Фрэнк Прилевитзбен кездесу өткізді.

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Елші елдеріміз арасындағы өзара іс-қимыл, оның ішінде экономикалық әріптестік және Корольдіктің отандық экономикадағы ірі инвесторлар рейтингіндегі көшбасшылығы айтарлықтай жоғары деңгейде екені туралы айтып берді. 

Тараптар шектеу шараларының мейлінше алынып тасталуы әлемдегі өзара сапарлар ағыны қалпына келетініне сенімділік беретінін атап өтті. Осыған орай, қазақстандық дипломат сұхбаттас назарын еліміздің туристік тартымдылығына аударды. 

Өз кезегінде кездесуге қатысқан «KLM» желісінің директоры С. ван Стратен компания бағыттар мен рейстер саны бойынша пандемиядан бұрынғы деңгейге шығуды жоспарлап отырғанын хабарлады. 

Тараптар Қазақстан мен Нидерланд арасындағы тікелей әуе қатынасын қалпына келтіру мүмкіндіктерін, сондай-ақ геосаяси тұрақсыздық жағдайында балама әуе дәліздерін ашу мәселелеріне арнайы көңіл бөлді. 

Келіссөздер қорытындысы бойынша «KLM» рейстерінің Қазақстан бағытына жүзеге асуы жөніндегі консультацияларды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. 

Өзгелердің жаңалығы