Қазақстанның соңғы жаңалықтары

G20-да дау тудырған құжат: Еуропа АҚШ-тың бейбіт жоспарына неге қарсы?

23 Қараша 2025, 09:49
543
Бөлісу:
 WPA POOL/Getty images
Фото: WPA POOL/Getty images

Оңтүстік Африкада өтіп жатқан "Үлкен жиырмалық" саммитінде Еуропа елдерінің басшылары, сондай-ақ Канада мен Жапония өкілдері АҚШ ұсынған Украина бойынша бейбітшілік жоспарын талқылап, оның елеулі түрде қайта қарауды қажет ететінін атап өткен бірлескен мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ BBC-ге сілтеме жасап.

Әсіресе оларды Украина қарулы күштерін шектеу туралы тармақтар алаңдатқан, себебі мұндай шектеулер елді болашақ шабуылдарға осал етіп қалдыруы мүмкін. Дегенмен құжатта осы жоспар тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу үшін маңызды элементтерге де ие екені мойындалған.

Жоспар бойынша келіссөздер алдағы күндері Женевада жалғасады. Украина тарапынан делегацияны Андрей Ермак басқаратын болса, АҚШ атынан құрлық әскерлері министрі Дэн Дрисколл мен мемлекеттік хатшы Марко Рубио қатысады. Сондай-ақ болашақ бейбіт келісімнің негізгі параметрлерін нақтылау үшін Ұлыбритания, Франция және Германия өкілдері де талқылауға қосылады.

G20 саммиті биыл Оңтүстік Африкада алғаш рет АҚШ және Ресей басшыларынсыз өтіп жатыр. Украина "жиырмалық" құрамына кірмейтіндіктен, АҚШ-тың бейбітшілік жоспарына қатысты пікірталас Киев пен Вашингтонның тікелей қатысуынсыз, тек одақтастары мен еуропалық үштіктің өкілдері арқылы жүргізілді.

Өзгелердің жаңалығы