Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Гүлшара Наушақызы Әбдіхалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 28 наурыз
№ 295
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қуанышбек Досмайылұлы Ысқақов Қызылорда облысының әкімі қызметінен босатылды.
Гүлшара Әбдіқалықова
-
Туған жылы: 15.05.1965 жыл
-
Білімі: Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын тәмамдаған (1987), экономист.
-
Экономика ғылымдарының кандидаты. Диссертациясының тақырыбы: «Зейнетақы қорларын капиталдандыру: проблемалары мен перспективалары (ҚР ҰЗҚ негізінде)» (2005).
1987-1994 жылдары – Қызылорда облыстық халықты әлеуметтік қорғау баскармасының аға инспекторы, бөлім бастығы;
1994-1995 жылдары – ҚР Жоғарғы кеңес комитетінің халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі комитетінің консультанты;
1995-1996 жылдары – ҚР Халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары;
1997-2003 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік саясат департаментінде басқарма бастығы, директордың орынбасары, директоры;
2003-2005 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;
2005-2006 жылдары – «Мемлекеттік аннуитеттік компания» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрайымы;
2006-2007 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;
2007-2008 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы;
2008-2009 жылдары – ҚР президентінің кеңесшісі – ҚР президенті жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат ұлттық комиссиясының төрайымы;
2009-2012 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
2012-2013 жылдары – ҚР президентінің кеңесшісі, ҚР президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат ұлттық комиссиясының төрайымы;
2013 жылы – ҚР премьер-министрінің орынбасары;
2014 жылдың қарашасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды.
2019 жылдың қыркүйек айынан бастап ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты