Футзалдан Қазақстан Суперкубогының жеңімпазы анықталды

Бөлісу:
Футзалдан Қазақстан Суперкубогының жеңімпазы анықталды
Фото: Prosports.kz

«Қайрат Футзал» мен «Семей» Қазақстан Суперкубогы үшін матч өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz сатына сілтеме жасап.

Ойын Астанада өтіп, 3:1 есебімен алматылық клубтың жеңісімен аяқталды.

Жеңімпаздар сапында Алиссон Невес (дубль) мен Кайо Руиз голдың авторы атанды.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы негізі қаланған «Семей» өткен маусымда сенсация жасап, Қазақстан чемпионы атанған болатын.

Айта кетейік, «Кайрат» бұған дейін 2003/04 маусымынан бері тұрақты түрде жеңіске жетіп, 20 рет қатарынан Қазақстан чемпионы атанған.

Өзгелердің жаңалығы