Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Алматыда Аргентинаны ұтты. Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өткен матчта отандастарымыз 3:2 есебімен басым болды, деп хабарлайды BAQ.KZ msports.kz-ке сілтеме жасап.
Ойында Қазақстан құрамасы сапында Дәурен Тұрсағұлов (7-минут), Ақжол Дәрібай (10-минут) мен Арнольд Кнауб (16-минут) гол соқты. Әлем чемпионы атағына ие аргентиналықтар 30-минутта екі гол салды.
Футзалдан Аргентина құрамасы 2016 жылы әлем чемпионы болған. 2021 жылы күміс еншілеген.
Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өтетін әлем чемпионаты алдындағы соңғы жолдастық кездесуін өткізді. 10 қыркүйекке дейін оқу-жаттығу жиынын пысықтайды.
Ұлттық құрама әлем чемпионатындағы бірінші ойынын 15 қыркүйек күні Испанияға қарсы өткізеді. Сондай-ақ топта Жаңа Зеландия мен Ливия құрамалары бар.