Футзалдан Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингіде 6-орынға жайғасты

23 Желтоқсан 2023, 22:25
1134
Бөлісу:
Футзалдан Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингіде 6-орынға жайғасты
Фото: Ақорда

Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингіде 6-орынға жайғасты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлемдегі ең беделді Futsal Planet порталының рейтингінде Қазақстан ұлттық құрамасы 6-орынға ие болды.

Бұған дейін Пауло Рикардо Кака шәкірттері 2024 жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеуде 6 ойында 6 жеңіске жетіп Өзбекстанда өтетін додаға жолдама алған болатын.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалдық сатысында 2000, 2016, 2021 жылдары сынға түсіп, 2021 жылы 4-орынға табан тіреді.

Еске салсақ, Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен алдағы жылдың 8 және 10 сәуірінде Ташкент қаласында жолдастық кездесу өткізеді.

Өзгелердің жаңалығы