Футзалдан ұлттық құрама бапкері: Мақсатымыз – әлем чемпионы болу

30 Қаңтар 2020, 12:10
1676
Бөлісу:
Футзалдан ұлттық құрама бапкері: Мақсатымыз – әлем чемпионы болу
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылғы Әлем чемпионатының элиталық кезеңінің ойындары қарсаңында футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері және ойыншыларыынң қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. 

Оқу-жаттығу жиындары жоғары деңгейде және жоспарлы түрде өтіп жатыр. Барлық футзалшылардың көңіл-күйі мен денсаулығы жақсы, сондықтан бәрі жақсы болатынына сенімдімін. Осы жиыннан кейін чемпионатқа баратын ойыншыларды нақты анықтайтын боламыз, - деді Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака. 

Осыған қоса ол команданың әлем біріншілігіне қойған мақсаты туралы айтты. 

Қазақстан Еуропада рейтінгісінде 4-ші, әлемде 7-ші орында тұр. Сондықтан осындай турнирдегі басты әрі негізгі мақсатымыз – алтын жүлде жеңіп алу. Алайда ол жарыста осал команда жоқ. Алғашқы қарсыласымыз Румыниямен бұған дейін ойнаған едік, оларды жақсы білеміз. Осыған қоса Словения мен Чехия құрамалары да жақсы ойнайды, футболшылары тәжірибелі әрі шеберлігі жоғары деңгейде, - деді бас бапкер.

Қазақстанның футзал құрамасының капитаны Дінмұхамбет Сүлейменов ішкі чеспионаттың деңгейі өскенін айтып, әлем біріншілігінен кейін карьерасын аяқтайтынын жеткізді. 

Ішкі чемпионаттағы командалардың көп болуы және бәсекелестіктің өсуі біздің ұлттық құрамаға оң әсер етеді. Себебі еліміздің жас та, талапты футболшыларына жол ашылып, басқа футболшылардың шеберлігін арттыруға мүмкіндік береді, - деді құрама капитаны. 

Айта кетейік, футзалдан Қазақстан құрамасы 23-31 қаңтар аралығында Нұр-Сұлтан қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Жиыннан кейін ұлттық құрама Чехияның Брно қаласына барады. Ол жақта 2020 жылғы Әлем чемпионатының элиталық кезеңіне қатысады. Қазақстан құрамасы D тобында Румыния, Словения және Чехия құрамаларымен сынға түседі. 

Еліміздің футболшылары қатысатын турнирді Қазақстан Футбол федерациясының YouTube арнасынан және "Qazsport" телеарнасынан тамашалауға болады. 

Ойын кестесі:
02.02.2020 – Қазақстан – Румыния (ҚФФ YouTube арнасынан)
03.02.2020 – Словения – Қазақстан (ҚФФ YouTube арнасынан)
05.02.2020 – Қазақстан – Чехия ("Qazsport" телеарнасы).

Өзгелердің жаңалығы