Футзал: «Қайрат» командасы – Қазақстан кубогының иегері

Алматылық «Қайрат» командасы «Семейді» жеңіп, футзалдан алтыншы рет қатарынан Қазақстан кубогының иегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 baq.kz 30 Желтоқсан 2023 2023, 08:50
30 Желтоқсан 2023 2023, 08:50
998
Фото: baq.kz

Алматылық «Қайрат» командасы «Семейді» жеңіп, футзалдан алтыншы рет қатарынан Қазақстан кубогының иегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан кубогының «төрттік финал» ойындарын Түркістан қаласы қабылдады.

Бейсенбіде жартылай финал өтсе, жұмада медальдар сарапқа салынды.

Соңғы матчта «Қайрат» ойынның аяқталуына үш минут қалғанда екі гол соғып, 5-3 есебімен жеңіске жетті.

Алматылықтар сапында Денер хет-трик тіркеді, ал Дәурен Тұрсағұлов пен Эдсонның активінде бір-бір голдан бар. «Семей» сапында Дедезиньо дубль авторы атанды, тағы бір допты Гильерме Тейшейра соқты.

Бұған дейін «Ақтөбе» шымкенттік «Ордабасымен» кездесіп, 6:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Осылайша Ақтөбе командасы үздік үштікті түйіндеді.

Наверх