Қазақстан ұлттық құрамасы Сан-Марино және Словениямен өтетін ойындарға дайындықты бастап кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ qazsporttv-ға сілтеме жасап.
Дәл қазір Магомед Адиев шәкірттері Астана қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
Ұлттық құрамадағы өзгерістер:
Бапкерлік штабтың шешімімен Эльхан Астановтың орнына Максим Федин шақырту алды;
Сергей Малый, Темірлан Ерланов, Бекхан Шайзада және Бағдат Қайыров қатарға ертең қосылады.
«Астана» командасының ойыншылары: Абат Айымбетов, Александр Марочкин, Тимур Досмағамбетов, Исламбек Қуат, Аслан Дарабаев, Абзал Бейсебеков, Ян Вороговский, Владислав Прокопенко және Александр Заруцкий УЕФА Конференция Лигасының ойыны аяқталған соң келеді.
Легионерлер: Бактиер Зайнутдинов, Нұралы Әліп, Марат Быстров, Рамазан Оразов және Александр Зуев 12-13 қараша күндері келеді.
Бас бапкер Магомед Адиев ойыншылардың нақты тізімін 10 қарашадан кейін жариялайды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 17 және 21 қараша күндері ЕУРО-2024 додасының іріктеу кезеңінде маңызды екі ойын өткізеді.