Футболдан Қазақстан құрамасы сенсациялық жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Магомед Адиев баптайтын жігіттер бұл жолы Солтүстік Ирландия құрамасын ұтты. 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу аясындағы кездесу сырт алаңда, яғни Белфаст қаласында өтті және ол 0:1 есебімиен аяқталды. Жалғыз голды 88-ші минутта Абат Айымбетов соқты. Айта кету керек, жерлестеріміз отандық футбол тарихында алғаш рет Солтүстік Ирландияны жеңді. Соның арқасында 4 ойыннан кейін 9 ұпай жинап, турнир тізімінің 2-ші сатысына жайғасты. Топ басында Финляндия құрамасы тұр және ұпай көрсеткіші жағынан біздің командамен бірдей. Ал үшінші орынға Дания футболшылары орналасты. Ұлтық құрамаға есе жіберген алаң иелері болса, «Н» тобының 5-ші сатысына төмендеді. Қазақстандық жігіттердің келесі ойыны 7 қыркүйекте өтеді. Астана қаласында Финляндия құрамасымен ойнайды.