Футболдан премьер-лига ойындарының кестесі жарияланды

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 13-туры басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Артём Чурсинов  - архив 24 Маусым 2023 2023, 14:49
24 Маусым 2023 2023, 14:49
1157
Фото: - архив

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 13-туры басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған тур 24, 25 маусым және 2 шілде күндері өтеді. Бүгін 3 ойын болса, ертең және 2 шілде екі-екіден кездесу белгіленген. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Бүгін, 24 маусымда 19:00-де «Атырау» мен «Тобыл» (Қостанай) аталған турдың алғашқы ойынын өткізеді.

Ал 20.00-де «Шахтер» (Қарағанды) мен «Жетісу» (Талдықорған), 21:00-де «Ақсу» (Павлодар облысы) мен «Ордабасы» (Шымкент) шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, 25 маусымда 18:00-де «Оқжетпес» (Көкшетау) пен «Қайсар» (Қызылорда), 20.00-де «Ақтөбе» мен «Мақтарал» (Түркістан облысы) ойнайды.

2 шілдеде «Қызылжар» (Петропавл) мен «Қайрат» (Алматы), «Каспий» (Ақтау) мен «Астана» кездеседі.

Наверх