Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі кезекті ойында Уэльске есе жіберді. "Астана Аренада" өткен матч 0:1 есебімен аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ойындағы жалғыз голды 24-минутта Уэльс шабуылшысы Киффер Мур соқты. Қазақстандық футболшылар бірнеше сәт жасағанымен, есепті теңестіре алмады.
Осылайша, Қазақстан құрамасы төрт ойында бір жеңіс, үш жеңіліспен турнир кестесінде қиын жағдайда қалды. J тобына Уэльс, Қазақстан, Бельгия, Лихтенштейн және Солтүстік Македония кіреді.
Келесі кездесу 7 қыркүйекте Брюссельде өтеді, онда Әли Әлиевтің шәкірттері Бельгия құрамасына қарсы ойнайды.