Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Футболдағы келісілген матчтар жан-жақты тергелуі тиіс – депутат

Әсел ӘБІЛБЕК
3 Қыркүйек 2025, 13:20
632
Бөлісу:
 Мәди Искаков  - архив
Фото: Мәди Искаков - архив

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асыловқа Қазақстан футболындағы келісілген матчтар фактілерін жан-жақты тергеуді талап етіп, депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депуттатың айтуынша, халықаралық Sportradar компаниясының деректеріне сәйкес, 2022 жылы Қазақстан келісілген матчтар саны бойынша әлемде 4-орынға шыққан.Бұл қазақстандық футболда әділетсіз ойындардың кең таралғанын және ресми түрде мойындалғанын көрсетеді.

Аталған жағдай қоғамда, кәсіби өкілдер мен заң шығарушы билік тарапынан үлкен алаңдаушылық туғызып жатыр. Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров мәселенің барын ашық мойындағанымен оны жүйелі түрде шешу үшін нақты шаралар әзірге қабылданған жоқ. Қоғамдық ұйымдар мен БАҚ букмекерлік кеңселердің көптеген матчтарды желіден алып тастағанын тіркеп отыр. Алайда олар тергеусіз қалып отыр,-деді депутат.

Депутат Абзал Құспан халықаралық тәжірибеге назар аударды.

Германияда төреші 2005 жылы Роберт Хойзер келісілген матч үшін 2 жыл 5 айға сотталды. Оңтүстік Кореяда 2011 жылы 57 ойыншаға айыппұл салынып, олардың басым бөлігі жазаға тартылды. Италияда 2015 жылы клуб президенті және ондаған адам сотқа тартылып, клуб Еуро кубоктардан шеттетілді. Қытайда 2013 жылы футбол федерацияларының жоғары лауазымды басшылары мен халықарылық төрешілердің өздері 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылды. Келісілген ойындар мемлекет пен жанкүйерлерді алдау емес, бәс тігетін азаматтарға қарсы жасалатын қаржылық алаяқтықтың бір түрі. зиян тигізеді,-деді депутат.

Осыған байланысты Абзал Құспан Бас прокуратурадан келісілген матчтар фактілерін тергеуді, құқық қорғау органдарының барлық ресурстарын пайдалана отырып ұйымдастыруды сұрады.

Өзгелердің жаңалығы