Футбол: Македониямен ойынға қатысатын жастар құрамасының тізімі белгілі

1 Қазан 2019, 20:30
2336
Бөлісу:
Футбол: Македониямен ойынға қатысатын жастар құрамасының тізімі белгілі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футболдан Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Александр Москаленко 2021 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Македониямен өтетін ойынға шақырған футболшылардың тізімін жариялады.

Тізімге 23 футболшы енген. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. 
Қақпашылар: Мұхамеджан Сейсен («Тараз»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»);
Қорғаушылар: Рауан Орынбасар («Жетісу»), Геворг Наджарян («Шахтер»), Дінмұхамед Қашкен («Астана»), Талғат Кусяпов («Каспий»), Нияз Шугаев («Шахтер»), Әлібек Қасым («Қызыл-Жар СК»), Мәди Айтөре («Қайрат»);
Жартылай қорғаушылар: Жан-Әли Пайруз, Дмитрий Бачек (екеуі де – «Шахтер»), Рамазан Оразов, Адам Адахаджиев, Вячеслав Швырев  (бәрі де  – «Қайрат»), Сұлтан Сағнаев («Ертіс»), Лев Скворцов, Жасұлан Қайырркенов («Астана»), Акмаль Бахтияров («Сочи», Ресей); 
Шабуылшылар: Еркебұлан Сейдахмет, Артур Шушеначев (екеуі де – «Қайрат»), Оралхан Өміртаев («Шахтер»), Рамазан Кәрімов, («Астана»);
 
Резерв: Елжас Сарбай («Қайсар»), Гаврил Кан («Тараз»), Есен Жасанов («Ақтөбе»), Георгий Захаренко («Шахтер»);
 
Жаттықтырушылар штабы: Александр Москаленко – аға жаттықтырушы, 
Қайрат Нұрдәулетов – аға жаттықтырушының көмекшісі, 
Александр Кузнецов – аға жаттықтырушының көмекшісі,
 Павел Черепанов – бапкер,
 Даниил Рихард - қақпашылардың жаттықтырушысы, 
Қазақстан жастар құрамасы сырт алаңда Македониямен 15 қазан күні ойнайды. Ойын Скопье қаласында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы