Футбол: Уэльс – Қазақстан матчын қайдан көруге болады?

22 Наурыз 2025, 20:10
950
Бөлісу:
Футбол: Уэльс – Қазақстан матчын қайдан көруге болады?
Фото: Sports.kz

22 наурыздан 23 наурызға қараған түні Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Уэльспен ойнайды, деп хабарлайды BAQ.KZ Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Матч Кардифф қаласында (Уэльс) өтеді және Қазақстан уақыты бойынша 00:45-те басталады. Кездесуді «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Қазақстан құрамасы Али Алиевтің жетекшілігімен жаңа іріктеу циклі алдында үш жолдастық кездесу өткізді: өзбекстандық «Локомотивпен» (1:1) тең ойнады, Солтүстік Корея құрамасынан (0:2) жеңілді, Кюрасао құрамасын (2:0) жеңді.

Ал Уэльс құрамасы соңғы рет өткен жылдың қараша айында Ұлттар лигасында ойнаған. Олар қатарынан алты матчта жеңілмеді: үш рет жеңіске жетіп, үш рет тең түсті.

Өзгелердің жаңалығы