Футбол. "Боруссия Парктегі" картон көрермендер

29 Мамыр 2020, 11:17
1492
Бөлісу:
Футбол. "Боруссия Парктегі" картон көрермендер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл шара стадионда адам отырғанын сездіру және телевизиялық бейне жақсы көрінуі үшін жасалған.

Неміс футбол клубтары коронавирус пандемиясы салдарынан тоқтатылып, 16 мамырда қайта басталған ұлттық футбол чемпионатының 28-ші кезеңін аяқтады. Матчтар жанкүйерсіз өтуде, стадионға тек футболшылар, клуб қызметкерлері, Бундеслига өкілдері, қызмет көрсетуші мамандар мен журналистер ғана жіберілді. Доптар мен спорттық құралдар үнемі дезинфекцияланады. Ойыншылардан, жаттықтырушылардан және төрешілерден басқалардың барлығы бетперде киіп, кіре берісте температурасын өлшейді, деп жазады  ru.euronews.com.

Мінберде адам жоқ. Алайда, стадионда адам отырғанын сездіру үшін және телевизиялық бейне жақсы көрінуі үшін "Боруссия Парк" аренасына жанкүйерлердің 12 мың картонды суреті орнатылды.

Стадионның барлық жерінде әлеуметтік қашықтық ережелері енгізілген, мысалы, сұхбатты қауіпсіз қашықтықтан ғана алуға болады. Шектеулер ойын алаңында да сақталған: футболшылар бір-біріне қол тигізбеуі керек, ал егер гол соққан болса, онда қуаныш сезімдерін әркім жекелей сезінуі керек, яғни, бірін-бірі құшақтау және өзге де артық физикалық байланысты болдырмауы қажет.
Өзгелердің жаңалығы