Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Футбол: Бас бапкер Станислав Черчесов қызметінен кетті

Әсел ӘБІЛБЕК
27 Қаңтар 2025, 13:50
897
Бөлісу:
 ҚФФ
Фото: ҚФФ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еңбек шарты екі жақтың өзара келісімі бойынша тоқтатылды.

Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін 2024 жылдың маусымында ұстады. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, 1 ұпай ғана жинады.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан жаттықтырушылар штабы толық құраммен кетті.

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне үміткерлер тізімі қарастырылып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы