Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 13-турында елордалық «Астана» Ақтаудың «Каспийін» жеңді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кездесу барысында елордалық клуб тізгінді өз қолына алуға тырысты. Алдымен Фабиен Урега 19, Абат Айымбетов 21-минутта мергендік танытты.
Одан кейін 55-минутта «Каспий» сапынан Георгий Панцулая пенальтиден есеп айырмасын қысқартты.
Ал 66-минутта елордалық клубтан Михаил Габышев қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша «Астана» қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті.