Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Фукуоктан Алматыға ұшқан ұшақ техникалық ақауға байланысты кері қонды

Бүгiн, 20:28
172
Бөлісу:
 BAQ.KZ
Фото: BAQ.KZ

26 желтоқсанда Фукуок – Алматы бағыты бойынша KC 162 рейсін орындаған Air Astana әуе компаниясының ұшағы техникалық себепке байланысты ұшып шыққан әуежайға кері оралуға мәжбүр болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әуе компаниясының мәліметінше, бортта барлық дәретхана бөлмелерінің істен шыққаны анықталған.

Әуе кемесі Фукуоктан жергілікті уақыт бойынша сағат 10:04-те ұшып шығып, 14:14-те қайтадан ұшып шыққан әуежайға сәтті қонған. Қону қалыпты режимде өтті, жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігіне ешқандай қауіп төнген жоқ. Қазіргі уақытта мамандар ақауды жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Рейстің ұшуы 27 желтоқсанға, жергілікті уақыт бойынша 04:00-ге ауыстырылды, - делінген хабарламада.

Жолаушыларға ыстық тамақ пен сусындар ұсынылды. Сонымен қатар әуе компаниясы трансфер ұйымдастырып, жолаушыларды қонақүйге орналастырумен айналысуда.

Air Astana өкілдері жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар мен рейстің кешігуі үшін кешірім сұрады.

Өзгелердің жаңалығы