Фристайлдан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты Ресейде өтеді

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Фристайл мен сноубордтан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 2021 жылы Ресейдің Красноярск аймағында өтеді деп хабарлайды Olympic.kz.</h4>

 11 Қараша 2020 2020, 03:36
11 Қараша 2020 2020, 03:36
1748

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Фристайл мен сноубордтан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 2021 жылы Ресейдің Красноярск аймағында өтеді деп хабарлайды Olympic.kz.

Халықаралық шаңғы спорты түрлері федерациясымен (FIS) ұзақ уақыт келіссөздер жүргізілген соң, әлемдік доданы 2021 жылдың 15-28 наурызы аралығында өткізу туралы шешім қабылданды. Біз аталған бәсекені жоғары деңгейде ұйымдастыруға тырысамыз, - делінген хабарламада.  
Айта кетелік, әлемдік дода 2019 жылғы Бүкіләлемдік универсиада ойындарына арнап салынған кешенде өтеді.



Наверх