"Шымбұлақ" шаңғы курорты 7-11 қаңтар аралығында фристайл-могул және фристайл-акробатикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын қабылдайды, деп хабарлайды Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Бапкерлер штабы елдегі әлем чемпионатында жүлде үшін таласатын қазақстандық могулшылардың есімдерін атады. Жарысқа келесі спортшылар қатысады:
- Анастасия Городко
- Юлия Феклистова
- Анастасия Ларионова
- Виктория Кузнецова
- Юлия Мокина
- Семён Русаков
- Ильнар Ибрагимов
- Данил Коротков
- Алексей Дениярёв
- Денис Раструба
Айта кетейік, өткен әлем чемпионатында Анастасия Городко алтын және күміс медаль жеңіп алып, 2022 жылы көрсеткен нәтижесін қайталады.