Фристайл-могул: Қазақстандық спортшы Әлем кубогінде үздік ондыққа енді

Кеше, 23:48
464
Бөлісу:
Фристайл-могул: Қазақстандық спортшы Әлем кубогінде үздік ондыққа енді
Фото: Olympic.kz

Италияның Ливиньо қаласында фристайл-могулдан Әлем кубогінің кезеңі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Еліміздің атынан қатысқан Анастасия Городко ең үздік нәтиже көрсетті – ол жарысты оныншы орынмен аяқтады. Ал Юлия Галышева 12-ші орынға жайғасты.

Ерлер арасындағы бәсекеде Қазақстан намысын Павел Колмаков қорғады. Ол жарыс қорытындысы бойынша 13-орынға ие болды.

Айта кетейік, 12 наурызда спортшылар параллель могулда бақ сынайды.

Өзгелердің жаңалығы