Фристайл-акробатика: Қазақстан құрамасы әлем кубогі кезеңінде үздік ондықтан көрінді

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Ресейдің Ярославль қаласында фристайл-акробатикадан әлем кубогі кезеңінде аралас командалық сайыс бойынша бәсекелер аяқталды.&nbsp;</h4>

 18 Қаңтар 2021 2021, 09:07
18 Қаңтар 2021 2021, 09:07
1694

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің Ярославль қаласында фристайл-акробатикадан әлем кубогі кезеңінде аралас командалық сайыс бойынша бәсекелер аяқталды. 

Бұл санат бойынша Қазақстан жетінші болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аралас командалық бәсекеге Қазақстан сапынан Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмурзаева және Шерзод Хаширбаев қатысты. Қазақстан командасы 239.40 нәтижесімен жетінші орыннан көрінді. 

Жарыс нәтижесі бойынша ресейлік құрама бірінші және екінші орынға ие болды. Швейцария командасы үздік үштікті қорытындылады.

Наверх