Францияда жаппай тәртіпсіздік кезінде 1300-ден астам адам тұтқындалды

2 Шілде 2023, 19:12
796
Бөлісу:
Францияда жаппай тәртіпсіздік кезінде 1300-ден астам адам тұтқындалды

Францияда полиция қызметкерінің 17 жастағы жасөспірімді атып тастауына байланысты төртінші күн қатарынан жаппай тәртіпсіздік тоқтамай тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Францияның ІІМ таратқан дерекке сәйкес, бір түннің ішінде бүкіл ел аумағында 1300-ден астам тұтқындалған. Сонымен қатар автокөліктер мен ғимараттарға өрт қойылып, дүкендер тоналып жатыр. Ресми тұлғалар шығынның орны ауқымды деп отыр. Парижден Марсель мен Лионға дейін 2500 өрт қойылған.

Францияға жаппай тәртіпсіздікті басу үшін 40 мың полиция жұмылдырылғаны белгілі болды. 45 мыңнан астам тәртіп сақшылары жараланған. Ал наразылыққа шыққандардың қаншасы жараланғаны белгісіз.

Еске сала кетейік, Францияда жаппай тәртіпсіздік Парижден солтүстік-батысқа қарай орналасқан Нантере қалашығында жол қозғалысы кезінде тексеру барысында полиция жасөспірімді атып тастаған соң басталған.

Шыққан тегі алжирлік Нахель есімді құрбанның отбасының адвокаты қайтыс болған жасөспірімнің сол екендігін растады.

Өзгелердің жаңалығы