Францияда жанар-жағармай станцияларының жарнамасына тыйым салынды

10 Қыркүйек 2022, 18:45
1077
Бөлісу:
Францияда жанар-жағармай станцияларының жарнамасына тыйым салынды

Францияда көмір, мұнай және өзге де қазба байлықтарының түрімен байланысты өнімдерді тарататын компаниялардың жарнамасына ұлттық деңгейде тыйым салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еuro-pulse.ru таратқан мәліметке сүйенсек, тыйымға бірінші кезекте жанар-жағармай станциялары іліккен. Жанар-жағармай сататын дүкендер де жарнама жасай алмайды.  

Швеция мен Ұлыбританияның кейбір қалаларында осындай сипаттағы жарнамаларды шектеу мәселесі талқыланып жатыр. 

Еске сала кетейік, былтыр Greenpeace және өзге де 20 экологиялық ұйым Еуропа Одағында «лас» компаниялардың жарнамасына толықтай тыйым салу керектігін талап еткен еді. Одан басқа, компанияларға спорттық іс-шараларға демеушілік етуге де тыйым салынады.  

Өзгелердің жаңалығы