Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Франция үкіметі малдың жем-шөп проблемасымен бетпе-бет келген бақташыларға көмек ретінде 400 млн еуро бөлуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты бірқатар шектеулер енгізілуі мүмкін деп жазады Le Figaro.
Францияда мамыр айында рекордтық көрсеткішке жеткен аптап ыстық салдарынан орын алған құрғақшылыққа байланысты 24 департамент тұщы суды пайдалану туралы ерекше жағдай жарияланды.
Құрғақшылықтың зардабын тартқан департаменттерде билік бассейндерді суға толтыру, автокөлік жуу, сондай-ақ бақтарды суару сынды шектеу шараларын енгізген.
Францияның премьер-министрі Элизабет Борн биыл құрғақшылық өте ерте басталды деп отыр. Себебі сәуірдің ортасында-ақ сегіз департамент шектеу енгізіп үлгерген еді. Үкімет басшысының айтуынша, үкімет мал суаруда проблемасы бар бақташыларға көмек ретінде 400 млн еуро қаражат бөлуді жоспарлап отырғанын алға тартты.