Париждегі Сена өзенінде қайықтар шеруі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Іс-шара жазғы Олимпиада ойындары алдындағы дайындық ретінде жүргізілген. Бұл жолы парадқа 55 қайық қатысқан. Бірақ салтанатты шара кезінде олардың саны 200-ге жуықтайды.
Жартысы спортшылар мен делегация мүшелерін тасыса, қалғаны жарық шоуына қатысады. Негізі дайындық жұмыстары көктемде өту керек еді. Бірақ Сена өзенінің деңгейі қатты көтеріліп, іс-шара 2 рет кейінге қалды.