Францияда өрт сөндіру кезінде тікұшақ тоғанға құлап түсті

Францияның Финистер департаментінде өртті сөндіру операциясы кезінде Morane 29 тікұшағы су тоғанына құлап кетті.

 Скриншот 25 Тамыз 2025 2025, 05:30
25 Тамыз 2025 2025, 05:30
1225
Фото: Скриншот

Францияның Финистер департаментінде өртті сөндіру операциясы кезінде Morane 29 тікұшағы су тоғанына құлап кетті. Оқиға 24 тамызда болған, деп хабарлайды BAQ.KZ Le Parisien-ге сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, "су алу кезінде тікұшақ су бетіне тиіп, құлауына себеп болған". Алайда экипаж – ұшқыш пен өрт сөндіру офицері – дер кезінде кабинадан шығып, жағаға аман-есен жеткен.

Morane 29 тікұшағы 2023 жылдан бастап өрт сөндіру мақсатында пайдаланылып келеді. Биылғы жазда ғана ол 33 миссияға қатысып, 154 рет су төгіп, ондаған өрттің таралуына жол бермеген.

Наверх