Парижде Олимпиада ойындарының медальдары таныстырылды. Медальдарда Эйфель мұнарасы бейнеленген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сондай-ақ 18 грамдық, алты бұрышты медальдар әлемге әйгілі мұнараның бұрынғы жөндеу жұмыстары кезінде алынып, құпия қоймада сақталған түпнұсқа сынықтарының балқымасынан жасалған. Осылайша Ұйымдастыру комитеті ойындарды Францияның басты нышанымен байланыстырғысы келеді.
Медальдың бір жағында – гректер үшін жеңіс құдайы саналатын Ника, ал келесі бетінде Акрополь бар.
Француз монета сарайы барлығы 5084 марапат дайындады.