Франция президенті Эммануэль Макронға импичмент жариялау бастамасын 104 депутат қолдады. Бұл туралы «Бағынбаған Франция» партиясының парламенттегі фракция жетекшісі Матильда Пано мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ведомости басылымына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, қарарға экологтар мен коммунистер де қосылған. Францияның Ұлттық ассамблеясында барлығы 577 депутат бар.
Импичмент бастамасы елде үкімет саясатына қарсы толқулар күшейген тұста көтеріліп отыр. 10 қыркүйекте Париж бен өзге қалаларда мыңдаған адам үкіметтің әлеуметтік шығындарды азайту жоспарына қарсы шеруге шыққан. Наразылар "Бәрін бұғаттайық!" ұранын көтерді.
Бұл жағдай Франциядағы саяси дағдарыстың ушығуына әкелді. Бұған дейін премьер-министр Франсуа Байро қызметінен кетсе, депутаттар үкіметтің бюджет тапшылығын қысқарту жоспарына сенімсіздік білдірген еді.