Францияда кәсіподақ мүшелері шеруге шықты

23 Мамыр 2023, 06:43
695
Бөлісу:
Францияда кәсіподақ мүшелері шеруге шықты
Фото: 24.kz

Францияның оңтүстік-шығысындағы Ле Канне және Канн қалаларында кәсіподақ мүшелері шеруге шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олар президент Мануэль Макрон билігі ұсынған зейнетақы реформасына қарсы бас көтерген. Канн қаласында полиция ереуілшілердің жолын бөгеді. Өйткені мұнда Канн халықаралық кинофестивалі өтіп жатыр.

16 мамырда басталған шара осы аптаның сенбісіне дейін жалғасуға тиіс. Зейнетақы реформасына қарсы наразылық шаралары бірнеше айдан бері жүріп жатыр. Заң жобасы бойынша зейнет жасы 62-ден 64-ге көтеріледі.

Өзгелердің жаңалығы