Францияда энергия тұтыну көлемі азайды

Франция тұрғындары энергия тұтыну көлемін 12%-ға азайтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

 13 Қазан 2023 2023, 19:40
13 Қазан 2023 2023, 19:40
1086

Франция тұрғындары энергия тұтыну көлемін 12%-ға азайтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Өндіріс орындарының оңтайландырылған қызмет қарқыны мен қашықтан жұмыс істеу тәжірибесі осындай нәтижеге әкеліп отыр. Сарапшылардың пайымынша, тұрғындар үйлерінде жылу мен электр энергиясын аз тұтынады. 

Мәселен, жылу беру жүйесіне бірқатар өзгеріс енді. Қыстыгүні ғимараттардағы ауа температурасы 19 градустан аспауға тиіс. Тағы бір тиімді шара ретінде сауда орталықтары мен қала көшелерінде жарықтандыруды азайту мәселесі қолға алынды. 

Енді Франция 2050 жылға қарай энергияның 40%-ін үнемдеуді жоспарлап отыр.

Наверх