Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Франция Сенегалдан өз әскерін толығымен шығарды

18 Шілде 2025, 07:12
618
Бөлісу:
 AP Photo / SCHALK VAN ZUYDAM
Фото: AP Photo / SCHALK VAN ZUYDAM

Франция Сенегал аумағынан соңғы әскери контингентін шығарып, 1960 жылдан бері жалғасқан тұрақты әскери қатысуын ресми түрде аяқтады. Бұл туралы DW ақпарат агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

17 шілдеде Франция Сенегал билігіне соңғы екі әскери нысанды қайтарып беріп, Дакар қаласында соңғы 350 әскери қызметшіні шығару рәсімін өткізді. Осылайша, Париж Батыс және Орталық Африкадағы бұрынғы колонияларынан әскер шығару процесін жалғастырып отыр.

Франция 2022 жылдан бері аймақтағы әскери қатысуын қысқарту науқанын жүргізіп келеді. 2025 жылдың ақпанында француз күштері Кот-д’Ивуардан, қаңтарда Чадтан шыққан болатын. Ал Мали, Буркина-Фасо және Нигерде болған әскери төңкерістерден кейін бұл елдер Франциямен әскери ынтымақтастықты тоқтатты.

Қазір француз әскері Орталық Африкада тек Габондағы бір әскери базаға орналасқан, онда жергілікті қарулы күштермен бірлесіп жұмыс істейді. Сонымен қатар, Францияның әскери бөлімшелері Джибутиде де қызметін жалғастырып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы