Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Франция парламенті Макронның отставкасына қарсы дауыс берді

9 Қазан 2025, 02:30
778
Бөлісу:
 AP Photo / Philippe Magoni
Фото: AP Photo / Philippe Magoni

Францияның Ұлттық Ассамблеясы президент Эммануэль Макронның отставкаға кету туралы оппозиция ұсынған бастамасын қабылдамады. Бұл туралы Le Figaro газеті жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық жиналыс бюросы таңертең өткен отырыста Эммануэль Макронның отставкаға кету туралы ұсынысын қабылдамауға шешім қабылдады, - деп жазды басылым.

Бастаманы солшылдар, «жасылдар» және социалистер қолдағанымен, президентті жақтайтын көпшілік оның қызметінен кетуіне қарсы дауыс берді.

Бұған дейін Canard Enchaîné газеті Макрон отставкаға кетудің орнына парламентті таратып, мерзімінен бұрын сайлау өткізу жоспарын қарастырып жатқанын хабарлаған еді.

Премьер-министр Себастьян Лекорню 6 қазанда отставкаға кеткеннен кейін, оппозиция президенттен де отставкаға кетуді талап еткен. Дегенмен, Макрон жаңа үкімет құру жөніндегі кеңестерін жалғастырып жатыр.

Сарапшылардың пікірінше, егер саяси келіссөздер нәтижесіз болса, Эммануэль Макрон парламентті таратып, жаңа сайлау жариялауы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы