Франция Палестина мемлекетін ресми түрде мойындады

Франция Президенті Эммануэль Макрон Израиль – Палестина қақтығысын шешуге арналған БҰҰ саммитінде өз елінің Палестина мемлекетін мойындағанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.

 AP Photo / Markus Schreiber 23 Қыркүйек 2025 2025, 01:18
23 Қыркүйек 2025 2025, 01:18
681
Фото: AP Photo / Markus Schreiber

Франция Президенті Эммануэль Макрон Израиль – Палестина қақтығысын шешуге арналған БҰҰ саммитінде өз елінің Палестина мемлекетін мойындағанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.

Уақыт келді. Сондықтан менің елімнің израильдіктер мен палестиналықтар арасында бейбітшілік орнату жөніндегі Таяу Шығыс алдындағы тарихи міндеттемесіне сай, бүгін Франция Палестина мемлекетін мойындайды деп мәлімдеймін, – деді Макрон.

Бұған дейін Палестинаның тәуелсіздігін БҰҰ-ға мүше 153 мемлекет және Ватикан мойындады. Олардың қатарын бір күн бұрын Ұлыбритания, Канада, Австралия және Португалия толықтырған.

Наверх