Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Франция есірткі қолданғаны үшін айыппұлды 500 еуроға дейін ұлғайтпақ

Бүгiн, 00:30
192
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Францияда есірткі қолданғаны үшін салынатын айыппұл есірткі қылмысына қарсы күрес аясында 200 еуродан 500 еуроға дейін ұлғайтылмақ. Бұл туралы Франция президенті Эммануэль Макрон мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Президенттің айтуынша, бұл шараның басты мақсаты – есірткі қолдануға деген көзқарасты түбегейлі өзгерту.

Айыппұл әмиянға әсер етуі тиіс. Есірткіні қолдану тартымды болмауы керек, – деді Макрон.

Сонымен қатар, ол айыппұлдарды өндіру деңгейінің төмен екенін атап өтіп, бұл көрсеткішті арттыру үшін әділет және қаржы органдарына қолдау көрсетілетінін айтты. Осы мақсатта арнайы «республикалық комиссарлар» тағайындалады.

Бұдан бөлек, Макрон есірткі қылмыстық топтарының жетекшілері тұратын елдерге барып, сол мемлекеттердің басшыларымен есірткі сатушылардың мүлкін тәркілеу мәселесін талқылауды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы