Францияда COVID-19-дың екінші толқынына дайындалады

8 Шілде 2020, 15:40
924
Бөлісу:
Францияда COVID-19-дың екінші толқынына дайындалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Франция денсаулық сақтау министрлігі бас дирекциясының басшысы Жером Саломон елдегі коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайындалу керектігін мәлімдеді, деп хабарлады interfax.ru.

Біз қандай да бір маусым кезінде вирустың бағытын қалай өзгертерін білмейміз. Вирус әлі де таралып жатыр. Вирустың жаңа өршу жағдайларына, тіпті екінші толқынына дайындалу керек. Біз бірінші толқыннан сабақ алып, жағдайдың даму бағдарынан мейлінше аз зиян келетіндей болу үшін үшін бәрін жасаймыз, - деді Саломон "Le Figaro" газетіне берген сұхбатында.

Саломон гигиенаны, физикалық қашықтықты және қажет болған жағдайда маска тағуды қатаң сақтау қажеттігін атап өтті.

Франция денсаулық сақтау министрлігі бас дирекциясының басшысы елдегі індеттің қайта басталу қаупі әрбір адамның өзін қалай ұстауына тікелей әсер ететінін айтты.

Пандемия басталғалы бері Францияда вирус жұқтырудың 168 мың жағдайы тіркелген. 30 мыңға жуық адам қайтыс болып, 77 мың адам сауығып кетті.

Өзгелердің жаңалығы