Франциялық мәнерлеп сырғанаушы Димаштың әнімен өнер көрсетті

22 Тамыз 2021, 13:53
1904
Бөлісу:
Франциялық мәнерлеп сырғанаушы Димаштың әнімен өнер көрсетті
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Француз мәнерлеп сырғанаушысы Ян Воклен (Ian Vauclin) Куршавелде  жасөспірімдер арасында өткен әлемдік Гран-при кезеңінде Димаш Құдайбергеннің әнімен өнер көрсетті.


Спортшы Димаш Құдайбергеннің «Қайран елім» композициясымен өнер көрсетуді жөн санапты. 

Мәнерлеп сырғанаушының видеосын Димаштың әкесі Қанат Айтбаев Instagram-дағы өз парақшасында жариялады. 

Сайыс барысында 17 жастағы Воклен 112,57 балл жинап, төртінші орыннан көрінді.




Өзгелердің жаңалығы