Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Францияда онлайн форматта өтетін Қазақстан киносының фестивалі аясында қазақ киносының классикасына айналған туындылар көрсетіледі.
Ретроспектива шеңберінде қазақ киносының алтын қорына енген 14 кинотуынды Фестивальдің ресми сайтында ұсынылады. Фильмдер 2020 жылы 16 желтоқсаннан бастап 2021 жылдың 4 қаңтарына дейін көрсетілімде болады.
1938 жылы түсірілген «Амангелді» фильмінен бастап 1994 жылы жарыққа шыққан «Көзімнің қарасы» картинасына дейінгі барлық фильмдер түпнұсқа тілде, француз тілінде көрсетіледі.
Франциядағы Қазақстан киносы классикасының ретроспективасы 71-ші Канн фестивалінде Алтын пальма бұтағының иесі, актриса Самал Еслямованың қатысуымен өтеді. Фестивальдің құрметті президенті – режиссер Сергей Дворцевой.
Қазақстандық киноның Француздық қауымдастығы мен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы және ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп ұйымдастырылған іс-шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылған.