Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Францияда дәрігерлер мен ғалымдар үкіметтің халықты вакцинациялау бағдарламасын сынға алды. Мамандар бұл бағдарлама өте баяу жүріп жатыр деп санайды. Елде қазір жүздеген адам ғана вакцинацияланған, ал көрші Германияда бұл көрсеткіш ондаған мыңға жеткен.
Бұл туралы ru.euronews.com жазды.
Денсаулық сақтау министрлігі бағдарламаның тиімділігін бір апта ғана өтісімен бағалауға болмайтынын және жақын арада науқан қарқын алатынын мәлімдеді.
Ұлыбританияда екінші мақұлданған вакцина - Оксфорд университеті мен AstraZeneca компаниясының өнімі таратылуда. Алайда патшалықта Үкіметтің әрекеттері сынға ұшырады.
Вакциналар қолжетімді болғаннан кейін бірден оларды адамдарға жеткізіп, қолдануымыз керек. Бұл денсаулық сақтау жүйесі аясында барлық қолжетімді қызметтерді пайдалану қажет болатындықтан, басқа стратегияны талап етеді. Мысалы, қазір тұмауға қарсы вакцинация жасайтын соңғы дәріханаға дейін вакцинация процесіне тарту керек, - дейді Ұлыбританияның экс-премьері Тони Блэр.Осыған байланысты Венгрия билігі Ресеймен вакцинация саласында тығыз ғылыми ынтымақтастықты жалғастыратынын растайды. Бірақ қазіргі кезеңде «Спутник V» негізгі препарат болып отырған жоқ. Бұған дейін премьер-министр Виктор Орбан ресейлік вакцина барлық венгр үшін жеткіліксіз деп мәлімдеді, сондықтан баламаны Қытайдан іздеу керек.
Будапешт ресейлік препаратты тестілеуге қатысып, шағын партия алды(шамамен 6000 доза). Бұл қадамды Еуропалық Одақ айыптап отыр. Себебі еуропалықтардың пікірінше, ресейлік вакцинаны толық сынақ циклінен өтпеген.