Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Фототұзақ: Шарын ұлттық табиғи паркіндегі еліктер

1 Мамыр 2025, 23:40
508
Бөлісу:
 скрин
Фото: скрин

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жабайы табиғатты зерттеу және бақылау мақсатында орнатылған фототұзақтарға еліктер тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, бұл кадрлар – ұлттық парк аумағында жабайы жануарлардың еркін және қауіпсіз тіршілік етіп жатқанын көрсетеді.

Еліктер — экожүйе тепе-теңдігінің көрсеткіші саналатын сүтқоректілердің бірі. Мұндай бақылау деректері біздің табиғатты қорғау мен зерттеу бағытындағы жұмыстарымыздың нәтижесі.

Жабайы жануарлардың бақылау жұмыстары жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы