Фоторепортаж: Астанаға көктем кеш келеді

 ©BAQ.KZ/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 19:01
Бүгiн 2026, 19:01
140
Фото: ©BAQ.KZ/Артем Чурсинов

Бүгін – сәуірдің 10-ы. Қазақстанның оңтүстігінде бәйшешек ақпаннан гүлдеп, дала әлдеқашан жасыл желекке оранған. Ал ел ордасы Астанада көк шөп енді қылтиып шыға бастады.

Термометр бағаны +10 градусты көрсетіп тұр. BAQ.KZ редакциясы мегаполис қарбаласынан көктемнің белгілерін байқай бермейтін қала тұрғындары үшін арнайы фоторепортаж дайындау үшін Ботаникалық саябаққа барды.

Саябақта адам қарасы көп болған жоқ. Ағаштарда бүршік шыға бастаған. 

 Тек шыршалар қаз қалпында тұр. 

Ылғалды ауа райынан жаңа шыққан шөптердің басын шық шалған. 

Саябақтың кей жерлерінен күздің белгілері байқалады. 

Дегенмен жас қайыңдардың бүршіктері қызарып, саябақ жайқалатын уақыт алда екенін білдіріп тұрғандай. 

Асылында "Астанаға көктем кеш келеді". 

Наверх