Фоторепортаж: Алматыда қураған ағаш көп

10 Шілде 2024, 17:48
512
Бөлісу:
Фоторепортаж: Алматыда қураған ағаш көп
PHOTO
Фото: автордан

Қалада апатты ағаштарды кесу жұмыстары жалғасып келеді, бүгінде 6 мыңға жуық ағаш санитарлық мақсатта кесілген, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желілерде күшті желден ағаш құлап, көлікті басып қалғаны жайлы жазба жарияланған еді. Алматы қаласының әкімдігі қураған ағаштарды кесу жұмыстары жүйелі жүргізіліп келе жатқанын атап өтті.

Фоторепортаж: Алматыда қураған ағаш көп

Апатты ағаштарды санитарлық мақсатта кесу - қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды құрамдас бөлігі. Бұл жұмыс Алматы қаласы әкімдігінің ерекше бақылауында. Бүгінде осы бағыт бойынша жұмыстар қаланың барлық ауданында жүргізілді. Алатау ауданында 500, Әуезов ауданында 700, Алмалы ауданында 900, Бостандық ауданында 900, Медеу ауданында 100, Жетісу ауданында 300, Наурызбай ауданында 400 және Түрксіб ауданында 1400 ағаш санитарлық мақсатта кесілді. «Алматы Жазы» науқаны аясында 5 200 ағаш санитарлық мақсатта кесілді,- дейді Алматы қаласының әкімдігі.

Фоторепортаж: Алматыда қураған ағаш көп

Жалпы, ағаштарды санитарлық мақсатта кесу зейнеткерлер, соғыс ардагерлері, 1, 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналар сынды жалғыз өзі тұратын әлеуметтік осал топқа (ХӘОТ) жататын жандардың ауласында жүргізіледі. Ал бұл санатқа кірмейтін адамдардың аулаларындағы ағашты иелері өздері кесетінін атап өткеніміз жөн.

ХӘОТ-тен ағаштарды санитарлық мақсатта кесу бойынша өтінім Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында 338-30-24 телефон нөмірі бойынша қабылданады. Ағаштардың шірігенін анықтау үшін алдын ала тексеру жүргізіледі. Кейін аудан әкімдіктері тиісті іс-шаралар өткізеді, - дейді қала әкімдігі.

Фоторепортаж: Алматыда қураған ағаш көп

Қала тұрғындары апатты ағаштардың аулар мен саябақтарда әлі де бар екенін айтып шағымданады.

Фоторепортаж: Алматыда қураған ағаш көп

Қаладағы саябақтар жаңарып келеді, дегенмен ағаштардың кейбірі қурағанын көреміз. Жалпы, апатты ағаштар көше бойы мен тұрғын үйлердің жанында жиі кездеседі. Қатты дауыл тұрса, көшеде жүруге қорқып қаламыз. Әлеуметтік желілерде ағаштардың көлікке құлап, адамдарды жаралап жатқанын көруге болады. Апат айтып келмейді, алайда қаладағы ағаштардың біраз құрап қалғанын көреміз. Жасыл Алматымызда діңі берік, ауру емес ағаштардың көбейгенін қалаймыз,- дейді Зере есімді қала тұрғыны.

Фоторепортаж: Алматыда қураған ағаш көп
Өзгелердің жаңалығы